Хадис
كِتَابُ اللُّقَطَةِ

Табылған мүлік кітабы

Сахих Мүслим, 30-кітап · 4 хадис · № 1060–1063

Мазмұны: 4 бап
  1. 1Табылған мүлікке қатысты үкім туралы
  2. 2Қажылардың жоғалған мүлкін тауып алу туралы
  3. 3Жоғалған малды паналатып, оның табылғанын жарияламаған адам – адасқан адам
  4. 4Өзгелердің малын олардың рұқсатынсыз саууға тыйым салу
بَابٌ: الْحُكْمُ فِي اللُّقَطَةِ

1-бапТабылған мүлікке қатысты үкім туралы

1060
Мүслим, № 1060Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид әл-Жуһани

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ الْجُهَنِيِّ صَاحِبِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ اللُّقَطَةِ، الذَّهَبِ أَوِ الْوَرِقِ، فَقَالَ: “اِعْرِفْ وِكَاءَهَا وَعِفَاصَهَا، ثُمَّ عَرِّفْهَا سَنَةً، فَإِنْ لَمْ تُعْرَفْ فَاسْتَنْفِقْهَا، وَلْتَكُنْ وَدِيعَةً عِنْدَكَ، فَإِنْ جَاءَ طَالِبُهَا يَوْمًا مِنَ الدَّهْرِ فَأَدِّهَا إِلَيْهِ”، وَسَأَلَهُ عَنْ ضَالَّةِ الْإِبِلِ، فَقَالَ: “مَا لَكَ وَلَهَا؟ دَعْهَا، فَإِنَّ مَعَهَا حِذَاءَهَا وَسِقَاءَهَا، تَرِدُ الْمَاءَ، وَتَأْكُلُ الشَّجَرَ، حَتَّى يَجِدَهَا رَبُّهَا”، وَسَأَلَهُ عَنِ الشَّاةِ، فَقَالَ: “خُذْهَا، فَإِنَّمَا هِيَ لَكَ أَوْ لِأَخِيكَ أَوْ لِلذِّئْبِ”».

Қазақша аудармасы

Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабасы Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінен (с.а.с.) жерден табылған алтын не күміс туралы сұралды. Ол (с.а.с.): “Оның қабы мен бауының белгілерін жақсылап танып ал. Содан кейін оның табылғанын бір жыл бойы жұртқа жарияла. Егер иесі табылмаса, оны қажетіңе жұмса. Алайда ол сенің қолыңдағы аманат болып қала берсін. Күндердің күнінде оны іздеуші келсе, өзіне қайтарып бер”, – деді. Одан адасып кеткен түйе туралы сұралғанда: “Оның саған не қатысы бар? Оны қоя бер. Өзінің жүрер аяғы да, су сақтайтын қарны да бар. Иесі тауып алғанға дейін суатқа барып су ішеді әрі ағаш жапырағын жейді”, – деді. Одан адасып кеткен қой туралы сұралғанда: “Оны ал. Өйткені ол не сенікі, не бауырыңдікі, не қасқырдікі болады”, – деді» (1722/5).

بَابٌ: فِي لُقَطَةِ الْحَاجِّ

2-бапҚажылардың жоғалған мүлкін тауып алу туралы

1061
Мүслим, № 1061

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عُثْمَانَ التَّيْمِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَى عَنْ لُقَطَةِ الْحَاجِّ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Осман әт-Тәйми (р.а.) былай деп жеткізді: Пайғамбар (с.а.с.) қажы жоғалтқан затты алуға тыйым салған (1724/11).

بَابٌ: مَنْ آوَى الضَّالَّةَ فَهُوَ ضَالٌّ

3-бапЖоғалған малды паналатып, оның табылғанын жарияламаған адам – адасқан адам

1062
Мүслим, № 1062Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид әл-Жуһани

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ الْجُهَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ آوَى ضَالَّةً فَهُوَ ضَالٌّ، مَا لَمْ يُعَرِّفْهَا».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім адасқан малды өзіне алып, оның табылғанын жұртқа жарияламаса, адасқан болады», – дегенін жеткізді (1725/12).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ حَلْبِ مَوَاشِي النَّاسِ بِغَيْرِ إِذْنِهِمْ

4-бапӨзгелердің малын олардың рұқсатынсыз саууға тыйым салу

1063
Мүслим, № 1063Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحْلُبَنَّ أَحَدٌ مَاشِيَةَ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذْنِهِ، أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَنْ تُؤْتَى مَشْرُبَتُهُ، فَتُكْسَرَ خِزَانَتُهُ، فَيُنْتَقَلَ طَعَامُهُ؟ فَإِنَّمَا تَخْزُنُ لَهُمْ ضُرُوعُ مَوَاشِيهِمْ أَطْعِمَتَهُمْ، فَلَا يَحْلُبَنَّ أَحَدٌ مَاشِيَةَ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذْنِهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ешкім өзгенің малын иесінің рұқсатынсыз саумасын. Сендердің бірің қоймасына әлдекім келіп, азық сақтайтын орнын бұзып, тамағын алып кеткенін қалар ма еді? Расында, малдың желіні де оның иесіне тиесілі азықты сақтап тұрады. Сондықтан ешкім өзгенің малын иесінің рұқсатынсыз саумасын», – деген (1726/13).