Хадис

Сахих Мүслим, № 154

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
3. Ғұсыл кітабыكِتَابُ الْغُسْلِ
бап
3. Ұйқыда ер адам секілді жыныстық қатынас туралы түс көрген әйелдің ғұсыл алуы туралыبَابٌ: فِي الْمَرْأَةِ تَرَى فِي النَّوْمِ مِثْلَ مَا يَرَى الرَّجُلُ وَتَغْتَسِلُ
Нөмірі
№ 154 (Мухтасар реті)
154
Мүслим, № 154

عَنْ إِسْحَاقَ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ عَنْ أَنَسٍ قَالَ: جَاءَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ – وَهِيَ جَدَّةُ إِسْحَاقَ – إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ لَهُ، وَعَائِشَةُ عِنْدَهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الْمَرْأَةُ تَرَى مَا يَرَى الرَّجُلُ فِي الْمَنَامِ، فَتَرَى مِنْ نَفْسِهَا مَا يَرَى الرَّجُلُ مِنْ نَفْسِهِ؟» فَقَالَتْ عَائِشَةُ: «يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، فَضَحْتِ النِّسَاءَ، تَرِبَتْ يَمِينُكِ!» فَقَالَ لِعَائِشَةَ: «بَلْ أَنْتِ، فَتَرِبَتْ يَمِينُكِ، نَعَمْ، فَلْتَغْتَسِلْ، يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، إِذَا رَأَتْ ذَاكَ».

Қазақша аудармасы

Исхақ ибн Әбу Талха Әнәстің былай дегенін жеткізген: «Исхақтың әжесі Үммі Сүләйм Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Оның жанында Айша отырған еді. Үммі Сүләйм: “Уа, Расулалла! Әйел адам түсінде ер адам көретін нәрсені көріп, бойынан ер адам байқайтын нәрсені байқаса ше?” – деп сұрады. Сонда Айша: “Уа, Үммі Сүләйм! Әйелдерді ұятқа қалдырдың ғой! Қолың топыраққа былғансын!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаға: “Керісінше, өзіңнің қолың топыраққа былғансын! Иә, уа, Үммі Сүләйм! Егер әйел соны көрсе, ғұсыл алсын”, – деді». (310/29)