Хадис

Сахих Мүслим, № 1042

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
27. Хадд (шариғатта белгіленген жазалар) кітабыكِتَابُ الْحُدُودِ
бап
7. Қожайынның өз құлына хадд жазасын қолдануы туралыبَابٌ: إِقَامَةُ السَّيِّدِ الْحَدَّ عَلَى رَقِيقِهِ
Нөмірі
№ 1042 (Мухтасар реті)
1042
Мүслим, № 1042

عَنْ أَبِي عَبْدِ الرَّحْمَنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَطَبَ عَلِيٌّ كَرَّمَ اللَّهُ وَجْهَهُ، فَقَالَ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، أَقِيمُوا عَلَى أَرِقَّائِكُمُ الْحَدَّ، مَنْ أَحْصَنَ مِنْهُمْ، وَمَنْ لَمْ يُحْصِنْ، فَإِنَّ أَمَةً لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ زَنَتْ، فَأَمَرَنِي أَنْ أَجْلِدَهَا، فَإِذَا هِيَ حَدِيثُ عَهْدٍ بِنِفَاسٍ، فَخَشِيتُ إِنْ أَنَا جَلَدْتُهَا أَنْ أَقْتُلَهَا، فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: ‘أَحْسَنْتَ’”». وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: «اُتْرُكْهَا حَتَّى تَمَاثَلَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуррахман (р.а.) былай деді: «Әли (р.а.) құтба айтып: “Уа, адамдар! Құл-күңдеріңнің некеде болғандарына да, болмағандарына да хадд жазасын қолданыңдар. Алла Елшісінің (с.а.с.) күңдерінің бірі зина жасаған еді. Ол (с.а.с.) маған оны дүрелеуді бұйырды. Алайда оның жаңа ғана босанғанын көрдім. Егер оны дүрелесем, өлтіріп алармын деп қауіптендім. Мұны Пайғамбарға (с.а.с.) айтқанымда, ол: ‘Дұрыс істепсің’, – деді”, – деді». Басқа бір риуаятта: «Оны сауығып кеткенше қоя тұр», – деген сөз қосылған (1705/34).