Хадис

Сахих Мүслим, № 1010

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
24. Анттар кітабыكِتَابُ الْأَيْمَانِ
бап
1. Әкесінің атымен ант ішуге тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ أَنْ يَحْلِفَ بِأَبِيهِ
Нөмірі
№ 1010 (Мухтасар реті)
1010
Мүслим, № 1010Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَنْهَاكُمْ أَنْ تَحْلِفُوا بِآبَائِكُمْ». قَالَ عُمَرُ: «فَوَاللَّهِ مَا حَلَفْتُ بِهَا مُنْذُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْهَا ذَاكِرًا وَلَا آثِرًا».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла сендерге әкелеріңнің атымен ант етуге тыйым салады”, – деді», – деп жеткізді. Омар (р.а.): «Алламен ант етемін, Алла Елшісінің (с.а.с.) бұған тыйым салғанын естігелі бері өзім де әкелерімнің атымен ант еткен емеспін, өзгеден естіген мұндай антты да қайталап айтқан емеспін», – деді (1646/1).