Хадис

Сахих Мүслим, № 1004

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
23. Нәзір (Аллаға берген уәде) кітабыكِتَابُ النُّذُورِ
бап
3. Қағбаға жаяу баруға нәзір еткен адам туралыبَابٌ: فِيمَنْ نَذَرَ أَنْ يَمْشِيَ إِلَى الْكَعْبَةِ
Нөмірі
№ 1004 (Мухтасар реті)
1004
Мүслим, № 1004Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «نَذَرَتْ أُخْتِي أَنْ تَمْشِيَ إِلَى بَيْتِ اللَّهِ حَافِيَةً، فَأَمَرَتْنِي أَنْ أَسْتَفْتِيَ لَهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَاسْتَفْتَيْتُهُ، فَقَالَ: “لِتَمْشِ، وَلْتَرْكَبْ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деді: «Қарындасым Алланың Үйіне жаяу әрі жалаңаяқ баруды нәзір етті. Содан кейін мені өзінің атынан Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрауға жіберді. Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрадым. Сонда ол: “Жаяу да жүрсін, көлікке де мінсін”, – деді» (1644/11).