Хадис
كِتَابُ الْوَقْفِ

Уақып кітабы

Сахих Мүслим, 22-кітап · 2 хадис · № 1000–1001

بَابٌ: الْوَقْفُ لِلْأَصْلِ وَالصَّدَقَةُ بِالْغَلَّةِ

1-бапМүліктің өзін уақып етіп, одан түсетін табысты садақаға беру туралы

1000
Мүслим, № 1000Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَصَابَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَرْضًا بِخَيْبَرَ، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَسْتَأْمِرُهُ فِيهَا، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَصَبْتُ أَرْضًا بِخَيْبَرَ، لَمْ أُصِبْ مَالًا قَطُّ هُوَ أَنْفَسُ عِنْدِي مِنْهُ، فَمَا تَأْمُرُنِي بِهِ؟” قَالَ: “إِنْ شِئْتَ حَبَسْتَ أَصْلَهَا، وَتَصَدَّقْتَ بِهَا”. قَالَ: فَتَصَدَّقَ بِهَا عُمَرُ، أَنَّهُ لَا يُبَاعُ أَصْلُهَا، وَلَا يُبْتَاعُ، وَلَا يُورَثُ، وَلَا يُوهَبُ، قَالَ: فَتَصَدَّقَ عُمَرُ فِي الْفُقَرَاءِ، وَفِي الْقُرْبَى، وَفِي الرِّقَابِ، وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَابْنِ السَّبِيلِ، وَالضَّيْفِ، لَا جُنَاحَ عَلَى مَنْ وَلِيَهَا أَنْ يَأْكُلَ مِنْهَا بِالْمَعْرُوفِ، أَوْ يُطْعِمَ صَدِيقًا غَيْرَ مُتَمَوِّلٍ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Омар (р.а.) Хайбардан бір жерге ие болды. Содан соң Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, сол жөнінде кеңес сұрады. Ол: “Уа, Расулалла! Мен Хайбардан бір жерге ие болдым. Бұрын-соңды өзім үшін бұдан құнды дүние-мүлікке ие болған емеспін. Оны не істеуге бұйырасыз?” – деді. Ол (с.а.с.): “Қаласаң, жердің өзін сақтап, одан түсетін пайданы садақа ет”, – деді. Сөйтіп, Омар оны садақа етті де, жердің өзі сатылмасын, сатып алынбасын, мұраға берілмесін әрі сыйға тартылмасын деп шарт қойды. Омар оның түсімін кедейлерге, туыстарға, құлдарды азат етуге, Алла жолына, жолда қалған жолаушыға және қонаққа садақа етті. Оны басқарушының одан дүние-мүлік жинауды көздемей, жөн-жосықпен жеуіне немесе досына жегізуіне күнә жоқ», – деді (1632/15).

بَابٌ: مَا يَلْحَقُ الْإِنْسَانَ ثَوَابُهُ بَعْدَهُ

2-бапАдам қайтыс болғаннан кейін де оған сауабы жетіп тұратын амалдар туралы

1001
Мүслим, № 1001Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا مَاتَ الْإِنْسَانُ انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثَةٍ: إِلَّا مِنْ صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Адам қайтыс болғанда, үш нәрседен басқа барлық амалы үзіледі: сауабы үзілмейтін садақа, пайдасы тиетін білім немесе оған дұға ететін ізгі перзент», – дегенін жеткізді (1631/14).

بَابٌ: الصَّدَقَةُ عَمَّنْ مَاتَ وَلَمْ يُوصِ

3-бапӨсиет қалдырмай қайтыс болған адамның атынан садақа беру туралы

فِيهِ حَدِيثُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي بَابِ الزَّكَاةِ [رَقْمَ (٥٣٢)].

Бұл бапқа қатысты Айшаның (р.а.) хадисі жоғарыда «Зекет» кітабында берілді (№ 532).