Хадис
كِتَابُ الْفَرَائِضِ

Мұрагерлік кітабы

Сахих Мүслим, 21-кітап · 6 хадис · № 994–999

Мазмұны: 5 бап
  1. 1Мұсылман кәпірге мұрагер болмайды, кәпір де мұсылманға мұрагер болмайды
  2. 2Мұраның белгіленген үлестерін тиісті иелеріне беріңдер
  3. 3Артында әкесі де, баласы да қалмаған марқұмның (кәләләнің) мұрасы туралы
  4. 4Ең соңында түскен аят – кәләлә туралы аят
  5. 5Адамның артында қалдырған мал-мүлкі оның мұрагерлеріне тиесілі
بَابٌ: لَا يَرِثُ الْمُسْلِمُ الْكَافِرَ وَلَا يَرِثُ الْكَافِرُ الْمُسْلِمَ

1-бапМұсылман кәпірге мұрагер болмайды, кәпір де мұсылманға мұрагер болмайды

994
Мүслим, № 994Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَا يَرِثُ الْمُسْلِمُ الْكَافِرَ، وَلَا يَرِثُ الْكَافِرُ الْمُسْلِمَ».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйдтің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Мұсылман кәпірден мұра алмайды, кәпір де мұсылманнан мұра алмайды» (1614/1).

بَابٌ: أَلْحِقُوا الْفَرَائِضَ بِأَهْلِهَا

2-бапМұраның белгіленген үлестерін тиісті иелеріне беріңдер

995
Мүслим, № 995Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَلْحِقُوا الْفَرَائِضَ بِأَهْلِهَا، فَمَا تَرَكَتِ الْفَرَائِضُ فَلِأَوْلَى رَجُلٍ ذَكَرٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мұраның белгіленген үлестерін тиісті иелеріне беріңдер. Ал сол үлестер бөлінгеннен кейін қалған мұра ең жақын ер туысқа тиесілі» (1615/3).

بَابٌ: مِيرَاثُ الْكَلَالَةِ

3-бапАртында әкесі де, баласы да қалмаған марқұмның (кәләләнің) мұрасы туралы

996
Мүслим, № 996Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «دَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا مَرِيضٌ لَا أَعْقِلُ، فَتَوَضَّأَ، فَصَبُّوا عَلَيَّ مِنْ وَضُوئِهِ، فَعَقَلْتُ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّمَا يَرِثُنِي كَلَالَةٌ”، فَنَزَلَتْ آيَةُ الْمِيرَاثِ». فَقُلْتُ لِمُحَمَّدِ بْنِ الْمُنْكَدِرِ: «﴿يَسْتَفْتُونَكَ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِي الْكَلَالَةِ﴾ [النِّسَاءِ: ١٧٦]؟» قَالَ: «هَكَذَا أُنْزِلَتْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Мен ауырып, ес-түссіз жатқанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) қасыма кірді. Ол (с.а.с.) дәрет алды. Содан кейін олар оның дәрет суынан үстіме құйды. Сонда есімді жиып: “Уа, Расулалла! Маған тек кәләлә туыстарым ғана мұрагер болады”, – дедім. Осыдан кейін мұра туралы аят түсті». Шуғба Мұхаммед ибн әл-Мункадирден: «“Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға былай айт: «Алла сендерге артында әке де, бала да қалмаған марқұмның мұрасы жайлы мынадай үкім айтады...»” («Ниса», 176) деген аят па?» – деп сұрады. Ол: «Осылай түскен», – деді (1616/8).

997
Мүслим, № 997

عَنْ مَعْدَانَ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ، أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خَطَبَ يَوْمَ جُمُعَةٍ، فَذَكَرَ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ، وَذَكَرَ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، ثُمَّ قَالَ: «إِنِّي لَا أَدَعُ بَعْدِي شَيْئًا أَهَمَّ عِنْدِي مِنَ الْكَلَالَةِ، مَا رَاجَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي شَيْءٍ مَا رَاجَعْتُهُ فِي الْكَلَالَةِ، وَمَا أَغْلَظَ لِي فِي شَيْءٍ مَا أَغْلَظَ لِي فِيهِ، حَتَّى طَعَنَ بِإِصْبَعِهِ فِي صَدْرِي، وَقَالَ: “يَا عُمَرُ، أَلَا تَكْفِيكَ آيَةُ الصَّيْفِ الَّتِي فِي آخِرِ سُورَةِ النِّسَاءِ؟” وَإِنِّي إِنْ أَعِشْ أَقْضِ فِيهَا بِقَضِيَّةٍ يَقْضِي بِهَا مَنْ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ، وَمَنْ لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ».

Қазақша аудармасы

Мағдан ибн Әбу Талханың айтуынша, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жұма күні құтба айтып, Алла Елшісін (с.а.с.) және Әбу Бәкірді (р.а.) еске алды. Содан кейін былай деді: «Мен өзімнен кейін кәләлә мәселесінен маңыздырақ ешбір мәселе қалдырып бара жатқан жоқпын. Алла Елшісінен (с.а.с.) ешбір мәселені кәләлә мәселесін сұрағанымдай қайта-қайта сұраған емеспін. Ол да маған ешбір мәселеде бұл мәселедегідей қатаң сөйлемеген еді. Тіпті ол саусағымен кеудемнен нұқып: “Уа, Омар! «Ниса» сүресінің соңындағы жазда түскен аят саған жеткілікті емес пе?” – деді. Егер мен тірі қалсам, бұл мәселе жөнінде Құран оқитын да, оқымайтын да басшылыққа алып үкім шығара алатындай бір шешім қабылдаймын» (1617/9).

بَابٌ: آخِرُ آيَةٍ نَزَلَتْ آيَةُ الْكَلَالَةِ

4-бапЕң соңында түскен аят – кәләлә туралы аят

998
Мүслим, № 998Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ آخِرَ سُورَةٍ أُنْزِلَتْ تَامَّةً سُورَةُ التَّوْبَةِ، وَأَنَّ آخِرَ آيَةٍ أُنْزِلَتْ آيَةُ الْكَلَالَةِ.

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азибтің (р.а.) айтуынша, толық күйінде ең соңында түскен сүре – «Тәубе», ал ең соңында түскен аят – кәләлә аяты (1618/12).

بَابٌ: مَنْ تَرَكَ مَالًا فَلِوَرَثَتِهِ

5-бапАдамның артында қалдырған мал-мүлкі оның мұрагерлеріне тиесілі

999
Мүслим, № 999Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُؤْتَى بِالرَّجُلِ الْمَيِّتِ عَلَيْهِ الدَّيْنُ، فَيَسْأَلُ: «هَلْ تَرَكَ لِدَيْنِهِ مِنْ قَضَاءٍ؟» فَإِنْ حُدِّثَ أَنَّهُ تَرَكَ وَفَاءً، صَلَّى عَلَيْهِ، وَإِلَّا قَالَ: «صَلُّوا عَلَى صَاحِبِكُمْ»، فَلَمَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْفُتُوحَ، قَالَ: «أَنَا أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ؛ فَمَنْ تُوُفِّيَ وَعَلَيْهِ دَيْنٌ فَعَلَيَّ قَضَاؤُهُ، وَمَنْ تَرَكَ مَالًا فَهُوَ لِوَرَثَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына қарызы бар марқұмның мәйіті әкелінгенде, ол: “Қарызын өтеуге жеткілікті мал-мүлік қалдырды ма?” – деп сұрайтын. Егер қарызын өтеуге жеткілікті мал-мүлік қалдырғаны айтылса, жаназа намазын өзі оқитын. Ал қарызын өтеуге жеткілікті мүлік қалдырмаған болса: “Жолдастарыңның жаназа намазын өздерің оқыңдар”, – дейтін. Алла оған жеңістер нәсіп еткеннен кейін: “Мен мүміндерге өздерінен де жақынмын. Кім қайтыс болып, артында қарыз қалдырса, оны өтеу менің мойнымда. Ал кім мал-мүлік қалдырса, оның мал-мүлкі мұрагерлеріне тиесілі”, – деді» (1619/14).