Хадис

Сахих Мүслим, № 992

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
20. Өсиет, садақа, сыйлық және өмір бойына мүлік сыйлау кітабыكِتَابُ الْوَصَايَا وَالصَّدَقَةِ وَالنُّحْلِ وَالْعُمْرَى
бап
7. Бір адамның екінші адамға өмір бойына мүлік сыйлауы туралыبَابٌ: فِي الرَّجُلِ يُعْمِرُ رَجُلًا عُمْرَى
Нөмірі
№ 992 (Мухтасар реті)
992
Мүслим, № 992Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَيُّمَا رَجُلٍ أَعْمَرَ رَجُلًا عُمْرَى لَهُ وَلِعَقِبِهِ، فَقَالَ: “قَدْ أَعْطَيْتُكَهَا وَعَقِبَكَ مَا بَقِيَ مِنْكُمْ أَحَدٌ”، فَإِنَّهَا لِمَنْ أُعْطِيَهَا وَعَقِبِهِ، وَإِنَّهَا لَا تَرْجِعُ إِلَى صَاحِبِهَا، مِنْ أَجْلِ أَنَّهُ أَعْطَى عَطَاءً وَقَعَتْ فِيهِ الْمَوَارِيثُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кім біреуге: “Сендердің бірің тірі болғанға дейін мұны саған әрі ұрпағыңа бердім”, – деп өмірлік сый берсе, ол мүлік сыйды алған адамға және оның ұрпағына тиесілі болады әрі бұрынғы иесіне қайтып бармайды. Өйткені ол мұрагерлік үкімдері жүретін сый берген» (1625/22).