Хадис

Сахих Мүслим, № 988

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
20. Өсиет, садақа, сыйлық және өмір бойына мүлік сыйлау кітабыكِتَابُ الْوَصَايَا وَالصَّدَقَةِ وَالنُّحْلِ وَالْعُمْرَى
бап
5. Берген садақасын қайтарып алуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ أَنْ يَعُودَ فِي الصَّدَقَةِ
Нөмірі
№ 988 (Мухтасар реті)
988
Мүслим, № 988Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «حَمَلْتُ عَلَى فَرَسٍ عَتِيقٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، فَأَضَاعَهُ صَاحِبُهُ، فَظَنَنْتُ أَنَّهُ بَائِعُهُ بِرُخْصٍ، فَسَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: “لَا تَبْتَعْهُ، وَلَا تَعُدْ فِي صَدَقَتِكَ، فَإِنَّ الْعَائِدَ فِي صَدَقَتِهِ كَالْكَلْبِ يَقِيءُ ثُمَّ يَعُودُ فِي قَيْئِهِ”».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деді: «Мен Алла жолында бір адамға асыл тұқымды ат бердім. Алайда оны алған адам атқа дұрыс күтім жасамады. Мен ол атты арзанға сататын шығар деп ойлап, бұл туралы Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрадым. Сонда ол (с.а.с.): “Оны сатып алма және берген садақаңды қайтарып алма. Өйткені берген садақасын қайтарып алушы құсып, кейін өз құсығына қайта оралған ит тәрізді”, – деді» (1620/1).