Хадис

Сахих Мүслим, № 975

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
19. Мұзараға (өнімді бөлісу шартымен егін егу) кітабыكِتَابُ الْمُزَارَعَةِ
бап
4. Жерді белгіленген ақыға жалға беру туралыبَابٌ: الْمُؤَاجَرَةُ
Нөмірі
№ 975 (Мухтасар реті)
975
Мүслим, № 975

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ السَّائِبِ، قَالَ: «دَخَلْنَا عَلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَعْقِلٍ، فَسَأَلْنَاهُ عَنِ الْمُزَارَعَةِ، فَقَالَ: “زَعَمَ ثَابِتٌ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الْمُزَارَعَةِ، وَأَمَرَ بِالْمُؤَاجَرَةِ، وَقَالَ: ‘لَا بَأْسَ بِهَا’”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әс-Саиб былай деді: «Біз Абдулла ибн Мағқилдің қасына кіріп, одан жерді өнім үлесіне өңдету туралы сұрадық. Ол: “Сәбиттің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) жерді өнім үлесіне өңдетуге тыйым салып, оны белгілі бір ақыға жалға беруді бұйырған және: ‘Мұның еш айыбы жоқ’, – деген”, – деді» (1549/119).