Хадис

Сахих Мүслим, № 928

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
18. Сүті мол болып көрінуі үшін сауылмай, желініне сүт жиналған малды сатуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ بَيْعِ الْمُصَرَّاةِ
Нөмірі
№ 928 (Мухтасар реті)
928
Мүслим, № 928Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ ابْتَاعَ شَاةً مُصَرَّاةً فَهُوَ فِيهَا بِالْخِيَارِ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ، إِنْ شَاءَ أَمْسَكَهَا، وَإِنْ شَاءَ رَدَّهَا، وَرَدَّ مَعَهَا صَاعًا مِنْ تَمْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім сүті мол болып көрінуі үшін сауылмай, желініне сүт жиналған қойды сатып алса, үш күн бойы таңдау құқығына ие: қаласа, оны өзінде қалдырады; қаласа, бір сағ құрмамен бірге қайтарады», – дегенін жеткізді (1524/24).