Хадис

Сахих Мүслим, № 911

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
18. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
3. Өлшемей, шамалап сатып алынған азық-түлікті басқа жерге көшіру туралыبَابٌ: نَقْلُ الطَّعَامِ إِذَا بِيعَ جُزَافًا
Нөмірі
№ 911 (Мухтасар реті)
911
Мүслим, № 911Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ اشْتَرَى طَعَامًا فَلَا يَبِعْهُ حَتَّى يَسْتَوْفِيَهُ». قَالَ: «وَكُنَّا نَشْتَرِي الطَّعَامَ مِنَ الرُّكْبَانِ جِزَافًا، فَنَهَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ نَبِيعَهُ حَتَّى نَنْقُلَهُ مِنْ مَكَانِهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім азық-түлік сатып алса, сатып алған мөлшерін толық алмайынша оны сатпасын», – дегенін жеткізді. Ибн Омар (р.а.): «Біз керуендерден азық-түлікті өлшемей, шамалап сатып алатынбыз. Алла Елшісі (с.а.с.) оны сол жерден көшіріп алмай тұрып сатуымызға тыйым салды», – деді (1526/34).