Хадис

Сахих Мүслим, № 884

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
16. Нәпақа кітабыكِتَابُ النَّفَقَاتِ
бап
2. Құлдардың нәпақасы және оларды азықсыз қалдырған адамның күнәсі туралы.بَابٌ: فِي نَفَقَةِ الْمَمَالِيكِ وَإِثْمِ مَنْ حَبَسَ عَنْهُمْ قُوتَهُمْ
Нөмірі
№ 884 (Мухтасар реті)
884
Мүслим, № 884

عَنْ خَيْثَمَةَ، قَالَ: «كُنَّا جُلُوسًا مَعَ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، إِذْ جَاءَهُ قَهْرَمَانٌ لَهُ فَدَخَلَ، فَقَالَ: “أَعْطَيْتَ الرَّقِيقَ قُوتَهُمْ؟” قَالَ: “لَا”. قَالَ: “فَانْطَلِقْ فَأَعْطِهِمْ”. قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كَفَى بِالْمَرْءِ إِثْمًا أَنْ يَحْبِسَ عَمَّنْ يَمْلِكُ قُوتَهُ”».

Қазақша аудармасы

Хайсама былай деді: «Біз Абдулла ибн Амрмен (р.а.) бірге отырған едік. Сол кезде оның іс басқарушысы келіп, ішке кірді. Абдулла одан: “Құлдарға азықтарын бердің бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Абдулла: “Онда барып, азықтарын бер”, – деді. Содан кейін: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Қарамағындағы адамдардың нәпақасын бермей қоюының өзі кісіге күнә ретінде жеткілікті’, – деген”, – деді». (996/40)