عَنِ ابْنِ سِيرِينَ، قَالَ: «مَكَثْتُ عِشْرِينَ سَنَةً يُحَدِّثُنِي مَنْ لَا أَتَّهِمُ أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا طَلَّقَ امْرَأَتَهُ ثَلَاثًا وَهِيَ حَائِضٌ، فَأُمِرَ أَنْ يُرَاجِعَهَا، فَجَعَلْتُ لَا أَتَّهِمُهُمْ وَلَا أَعْرِفُ الْحَدِيثَ، حَتَّى لَقِيتُ أَبَا غَلَّابٍ يُونُسَ بْنَ جُبَيْرٍ الْبَاهِلِيَّ، وَكَانَ ذَا ثَبَتٍ، فَحَدَّثَنِي أَنَّهُ سَأَلَ ابْنَ عُمَرَ، فَحَدَّثَهُ أَنَّهُ طَلَّقَ امْرَأَتَهُ تَطْلِيقَةً وَهِيَ حَائِضٌ، فَأُمِرَ أَنْ يُرَاجِعَهَا، قَالَ: قُلْتُ: “أَفَحُسِبَتْ عَلَيْهِ؟” قَالَ: “فَمَهْ؟ أَوَ إِنْ عَجَزَ وَاسْتَحْمَقَ؟”»
Ибн Сирин былай деді: «Жиырма жыл бойы шыншылдығына күмән келтірмейтін адамдар маған Ибн Омардың әйеліне етеккір көріп жүрген кезінде үш талақ бергенін және оған әйелін қайтарып алу бұйырылғанын айтып жүрді. Мен олардың шыншылдығына күмән келтірмейтінмін, алайда хадистің анық мән-жайын білмедім. Ақырында Әбу Ғаллаб Юнус ибн Жубайр әл-Бәһилиді кездестірдім. Ол сенімді әрі жады берік адам еді. Ол маған Ибн Омардан осы мәселе жайында сұрағанын, сонда Ибн Омардың: “Мен әйеліме етеккір көріп жүрген кезінде бір талақ бердім. Содан кейін маған оны қайтарып алу бұйырылды”, – деп айтқанын жеткізді. Мен: “Сол талақ бір талақ ретінде есепке алынды ма?” – деп сұрадым. Ол: “Ендеше ше? Ол дәрменсіздік танытып, ақымақтық жасады екен деп, талақ есептелмей қала ма?” – деді» (1471/7).