Хадис

Сахих Мүслим, № 780

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
102. Мәдинада тұруға және ондағы тұрмыстың ауыртпалығына сабырмен төзуге ынталандыруبَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي سُكْنَى الْمَدِينَةِ وَالصَّبْرِ عَلَى لَأْوَائِهَا
Нөмірі
№ 780 (Мухтасар реті)
780
Мүслим, № 780Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ وَهِيَ وَبِيئَةٌ، فَاشْتَكَى [أَبُو بَكْرٍ]، وَاشْتَكَى بِلَالٌ، فَلَمَّا رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَكْوَى أَصْحَابِهِ، قَالَ: “اللَّهُمَّ حَبِّبْ إِلَيْنَا الْمَدِينَةَ كَمَا حَبَّبْتَ مَكَّةَ أَوْ أَشَدَّ، وَصَحِّحْهَا، وَبَارِكْ لَنَا فِي صَاعِهَا وَمُدِّهَا، وَحَوِّلْ حُمَّاهَا إِلَى الْجُحْفَةِ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Біз Мәдинаға келгенімізде, онда індет жайлап тұрған еді. Әбу Бәкір ауырып қалды, Біләл де сырқаттанды. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларының сырқаттанғанын көргенде: “Уа, Алла! Меккені бізге сүйікті еткеніңдей немесе одан да артық Мәдинаны да бізге сүйікті ете гөр. Оны індеттен арылта гөр, оның сағы мен мүдіне береке бере гөр әрі ондағы безгекті Жухфаға көшіре гөр”, – деді» (1376/480).