Хадис

Сахих Мүслим, № 762

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
95. Қажылықтан немесе өзге сапардан қайтқанда айтылатын сөздерبَابٌ: مَا يَقُولُ إِذَا قَفَلَ مِنْ سَفَرِ الْحَجِّ وَغَيْرِهِ
Нөмірі
№ 762 (Мухтасар реті)
762
Мүслим, № 762Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَفَلَ مِنَ الْجُيُوشِ أَوِ السَّرَايَا أَوِ الْحَجِّ أَوِ الْعُمْرَةِ، إِذَا أَوْفَى عَلَى ثَنِيَّةٍ أَوْ فَدْفَدٍ، كَبَّرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، سَاجِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ. صَدَقَ اللَّهُ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) әскермен немесе жасақпен шыққан жорықтан, қажылықтан немесе ұмрадан қайтып келе жатып, бір асуға не биік жазыққа көтерілгенде үш рет тәкбір айтатын. Содан кейін: “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән әрі барлық мадақ Оған лайық. Ол барлық нәрсеге құдіретті. Біз – қайтушылармыз, тәубе етушілерміз, құлшылық етушілерміз, сәжде жасаушылармыз әрі Раббымызға мадақ айтушылармыз. Алла уәдесін орындады, құлына жәрдем берді және одақтас топтарды жалғыз Өзі жеңді”, – дейтін» (1344/428).