Хадис

Сахих Мүслим, № 754

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
88. Әйелдің қоштасу тауабын жасамай тұрып етеккірі келуіبَابٌ: الْمَرْأَةُ تَحِيضُ قَبْلَ أَنْ تُوَدِّعَ
Нөмірі
№ 754 (Мухтасар реті)
754
Мүслим, № 754Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «حَاضَتْ صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيٍّ بَعْدَ مَا أَفَاضَتْ». قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَذَكَرْتُ حِيضَتَهَا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَحَابِسَتُنَا هِيَ؟”» قَالَتْ: «فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهَا قَدْ كَانَتْ أَفَاضَتْ وَطَافَتْ بِالْبَيْتِ، ثُمَّ حَاضَتْ بَعْدَ الْإِفَاضَةِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَلْتَنْفِرْ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Сафия бинт Хуәй ифада тауабын жасағаннан кейін етеккір көрді. Мен оның етеккір көргенін Алла Елшісіне (с.а.с.) айттым. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол бізді бөгеп қалатын болды ма?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Ол Қағбаға барып, ифада тауабын жасап қойған еді. Содан кейін ғана етеккір көрді”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Онда жолға шыға берсін”, – деді» (1211/382).