Хадис

Сахих Мүслим, № 752

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
86. Хижрет жасаған адамның қажылық пен ұмраны өтегеннен кейін Меккеде қалуыبَابٌ: إِقَامَةُ الْمُهَاجِرِ بِمَكَّةَ بَعْدَ قَضَاءِ الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ
Нөмірі
№ 752 (Мухтасар реті)
752
Мүслим, № 752

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ حُمَيْدٍ، قَالَ: «سَمِعْتُ عُمَرَ بْنَ عَبْدِ الْعَزِيزِ يَقُولُ لِجُلَسَائِهِ: “مَا سَمِعْتُمْ فِي سُكْنَى مَكَّةَ؟” فَقَالَ السَّائِبُ بْنُ يَزِيدَ: “سَمِعْتُ الْعَلَاءَ”» (أَوْ قَالَ: «الْعَلَاءَ بْنَ الْحَضْرَمِيِّ») «“قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘يُقِيمُ الْمُهَاجِرُ بِمَكَّةَ بَعْدَ قَضَاءِ نُسُكِهِ ثَلَاثًا’”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Хумайд былай деді: «Омар ибн Абдулазиздің қасындағылардан: “Меккеде тұру жайында не естідіңдер?” – деп сұрағанын естідім. Сонда Саиб ибн Язид: “Әланың (немесе: ‘Әла ибн әл-Хадрами’, – деді) былай дегенін естідім: ‘Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұһажир қажылық амалдарын өтегеннен кейін Меккеде үш күн тұра алады», – деді’”, – деді» (1352/442).