Хадис

Сахих Мүслим, № 743

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
80. Құрбан айт күні ифада (парыз) тауабын жасауبَابٌ: طَوَافُ الْإِفَاضَةِ يَوْمَ النَّحْرِ
Нөмірі
№ 743 (Мухтасар реті)
743
Мүслим, № 743Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَفَاضَ يَوْمَ النَّحْرِ، ثُمَّ رَجَعَ فَصَلَّى الظُّهْرَ بِمِنًى. قَالَ نَافِعٌ: «فَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يُفِيضُ يَوْمَ النَّحْرِ، ثُمَّ يَرْجِعُ فَيُصَلِّي الظُّهْرَ بِمِنًى وَيَذْكُرُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ فَعَلَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Құрбан айт күні ифада тауабын жасады. Содан кейін Минаға оралып, бесін намазын сонда оқыды. Нафиғ: «Ибн Омар да Құрбан айт күні ифада тауабын жасап, кейін Минаға оралып, бесін намазын сонда оқитын әрі Пайғамбардың (с.а.с.) да осылай істегенін айтатын», – деді (1308/335).