Хадис

Сахих Мүслим, № 717

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
59. Денесі ауыр әрі жүрісі баяу әйелдің Мұздалифадан түнде аттануыبَابٌ: الْإِفَاضَةُ مِنْ جَمْعٍ بِلَيْلٍ لِلْمَرْأَةِ الثَّقِيلَةِ
Нөмірі
№ 717 (Мухтасар реті)
717
Мүслим, № 717Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «اِسْتَأْذَنَتْ سَوْدَةُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَيْلَةَ الْمُزْدَلِفَةِ تَدْفَعُ قَبْلَهُ وَقَبْلَ حَطْمَةِ النَّاسِ، وَكَانَتِ امْرَأَةً ثَبِطَةً» (يَقُولُ الْقَاسِمُ: «وَالثَّبِطَةُ الثَّقِيلَةُ»). قَالَتْ: «فَأَذِنَ لَهَا، فَخَرَجَتْ قَبْلَ دَفْعِهِ، وَحَبَسَنَا حَتَّى أَصْبَحْنَا فَدَفَعْنَا بِدَفْعِهِ. وَلَأَنْ أَكُونَ اِسْتَأْذَنْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَمَا اِسْتَأْذَنَتْهُ سَوْدَةُ فَأَكُونَ أَدْفَعُ بِإِذْنِهِ، أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ مَفْرُوحٍ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мұздалифа түні Сәуда Алла Елшісінен (с.а.с.) жұрттың қалың нөпірі басталмай және оның өзі жолға шықпай тұрып аттануға рұқсат сұрады. Ол баяу қимылдайтын, ауыр денелі әйел еді». Қасым: «“Сәбита” дегені – “ауыр денелі” деген сөз», – деді. Айша сөзін жалғастырып: «Алла Елшісі (с.а.с.) оған рұқсат берді. Сөйтіп, ол Алла Елшісі (с.а.с.) жолға шықпай тұрып аттанып кетті. Ал бізді таң атқанша сонда қалдырды. Кейін өзі жолға шыққанда, біз де онымен бірге аттандық. Алла Елшісінен (с.а.с.) Сәуда секілді рұқсат сұрап, оның рұқсатымен ертерек аттанғаным мен үшін көңілімді қуантатын кез келген нәрседен де артық болар еді», – деді. (1290/293)