Хадис

Сахих Мүслим, № 689

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
38. Ихрамдағы адам қайтыс болғанда оның мәйітіне не істелетіні туралыبَابٌ: فِي الْمُحْرِمِ يَمُوتُ، مَا يُفْعَلُ بِهِ
Нөмірі
№ 689 (Мухтасар реті)
689
Мүслим, № 689Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، خَرَّ رَجُلٌ مِنْ بَعِيرِهِ، فَوُقِصَ فَمَاتَ، فَقَالَ: «اِغْسِلُوهُ بِمَاءٍ وَسِدْرٍ، وَكَفِّنُوهُ فِي ثَوْبَيْهِ، وَلَا تُخَمِّرُوا رَأْسَهُ، فَإِنَّ اللَّهَ يَبْعَثُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مُلَبِّيًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай баяндады: «Бір адам түйесінен құлап, мойны сынып қайтыс болды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оны су мен сидрмен жуыңдар, өзінің екі киіміне кебіндеңдер және басын жаппаңдар. Өйткені Алла оны Қиямет күні тәлбия айтқан күйінде тірілтеді”, – деді». (1206/93)