Хадис

Сахих Мүслим, № 678

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
30. Ихрамдағы адам кимеуге тиіс киімдерبَابٌ: مَا يَجْتَنِبُ الْمُحْرِمُ مِنَ اللِّبَاسِ
Нөмірі
№ 678 (Мухтасар реті)
678
Мүслим, № 678Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَلْبَسُ الْمُحْرِمُ مِنَ الثِّيَابِ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَلْبَسُوا الْقُمُصَ، وَلَا الْعَمَائِمَ، وَلَا السَّرَاوِيلَاتِ، وَلَا الْبَرَانِسَ، وَلَا الْخِفَافَ، إِلَّا أَحَدٌ لَا يَجِدُ النَّعْلَيْنِ، فَلْيَلْبَسِ الْخُفَّيْنِ، وَلْيَقْطَعْهُمَا أَسْفَلَ مِنَ الْكَعْبَيْنِ، وَلَا تَلْبَسُوا مِنَ الثِّيَابِ شَيْئًا مَسَّهُ الزَّعْفَرَانُ وَلَا الْوَرْسُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, бір адам Алла Елшісінен (с.а.с.): «Ихрамдағы адам қандай киім киеді?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Көйлек те, сәлде де, шалбар да, күләпаралы шапан да, мәсі де кимеңдер. Тек сандал таппаған адам мәсі кисін де, екі мәсісін де тобықтан төмен тұсынан кесіп алсын. Сондай-ақ зағфаран немесе уәрс бояуы тиген ешбір киімді кимеңдер», – деді. (1177/1)