Хадис

Сахих Мүслим, № 676

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
28. Қажылық пен ұмраға ихрамға кірерде кедергіге тап болған жағдайда ихрамнан шығуды шарт етуبَابٌ: الِاشْتِرَاطُ فِي الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ
Нөмірі
№ 676 (Мухтасар реті)
676
Мүслим, № 676Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ ضُبَاعَةَ بِنْتَ الزُّبَيْرِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ أَتَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: «إِنِّي اِمْرَأَةٌ ثَقِيلَةٌ، وَإِنِّي أُرِيدُ الْحَجَّ، فَمَا تَأْمُرُنِي؟» قَالَ: «أَهِلِّي بِالْحَجِّ، وَاشْتَرِطِي: “أَنَّ مَحِلِّي حَيْثُ تَحْبِسُنِي”». قَالَ: «فَأَدْرَكَتْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Дубаға бинт әз-Зубайр ибн Абдулмутталиб (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Мен сырқатпын әрі қажылық жасағым келеді. Маған не бұйырасыз?» – деді. Ол (с.а.с.): «Қажылық үшін тәлбия айт әрі: “Мені қай жерде бөгесең, ихрамнан шығатын жерім – сол жер”, – деп шарт қой», – деді. Сөйтіп, ол қажылығын орындады. (1208/106)