Хадис

Сахих Мүслим, № 651

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
10. Қажылық пен ұмра үшін ихрамға кіретін белгіленген орындар – миқаттар туралыبَابٌ: فِي الْمَوَاقِيتِ فِي الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ
Нөмірі
№ 651 (Мухтасар реті)
651
Мүслим, № 651Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «وَقَّتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَهْلِ الْمَدِينَةِ ذَا الْحُلَيْفَةِ، وَلِأَهْلِ الشَّامِ الْجُحْفَةَ، وَلِأَهْلِ نَجْدٍ قَرْنَ الْمَنَازِلِ، وَلِأَهْلِ الْيَمَنِ يَلَمْلَمَ، قَالَ: “فَهُنَّ لَهُنَّ، وَلِمَنْ أَتَى عَلَيْهِنَّ مِنْ غَيْرِ أَهْلِهِنَّ مِمَّنْ أَرَادَ الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ، فَمَنْ كَانَ دُونَهُنَّ فَمِنْ أَهْلِهِ، وَكَذَا فَكَذَلِكَ، حَتَّى أَهْلُ مَكَّةَ يُهِلُّونَ مِنْهَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдина тұрғындарына Зүл-Хуләйфаны, Шам тұрғындарына Жухфаны, Нәжд тұрғындарына Қарнул-Маназилді, ал Йемен тұрғындарына Яләмләмді миқат етіп белгіледі», – деді. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл жерлер – сол аймақ тұрғындарының әрі өзге аймақтардан қажылық немесе ұмра жасауды қалап, сол жерлер арқылы өтетін адамдардың миқаттары. Ал осы миқаттардың бергі жағында тұратындар өздері тұрған жерден ихрамға кіреді. Одан да бергі жерде тұратындар да осылай істейді. Тіпті Мекке тұрғындары Меккенің өзінен ихрамға кіреді», – деді. (1181/11)