Хадис

Сахих Мүслим, № 648

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
7. Баланың қажылығы және оны қажылыққа апарған адамның сауабыبَابٌ: حَجُّ الصَّبِيِّ وَأَجْرُ مَنْ حَجَّ بِهِ
Нөмірі
№ 648 (Мухтасар реті)
648
Мүслим, № 648Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ لَقِيَ رَكْبًا بِالرَّوْحَاءِ، فَقَالَ: «مَنِ الْقَوْمُ؟» قَالُوا: «الْمُسْلِمُونَ». فَقَالُوا: «مَنْ أَنْتَ؟» قَالَ: «رَسُولُ اللَّهِ»، فَرَفَعَتْ إِلَيْهِ اِمْرَأَةٌ صَبِيًّا، فَقَالَتْ: «أَلِهَذَا حَجٌّ؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَلَكِ أَجْرٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Раухада бір топ жолаушыға жолығып: «Сендер кімсіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Біз мұсылмандармыз», – деді де: «Ал сіз кімсіз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Мен – Алла Елшісімін», – деді. Сонда бір әйел баласын оған қарай көтеріп: «Мына баланың қажылығы жарамды ма?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә, саған да сауап бар», – деді. (1336/409)