Хадис

Сахих Мүслим, № 77

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
1. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
53. Пайғамбардың (с.а.с.) өзге пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) туралы айтқандарыبَابٌ: ذِكْرُ النَّبِيِّ ﷺ الْأَنْبِيَاءَ عَلَيْهِمُ السَّلَامُ
Нөмірі
№ 77 (Мухтасар реті)
77
Мүслим, № 77Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ، فَمَرَرْنَا بِوَادٍ، فَقَالَ: “أَيُّ وَادٍ هَذَا؟” فَقَالُوا: “وَادِي الْأَزْرَقِ”. فَقَالَ: “كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى مُوسَى ﷺ – فَذَكَرَ مِنْ لَوْنِهِ وَشَعَرِهِ شَيْئًا لَمْ يَحْفَظْهُ دَاوُدُ – وَاضِعًا إِصْبَعَيْهِ فِي أُذُنَيْهِ، لَهُ جُؤَارٌ إِلَى اللَّهِ بِالتَّلْبِيَةِ، مَارًّا بِهَذَا الْوَادِي”. قَالَ: ثُمَّ سِرْنَا حَتَّى أَتَيْنَا عَلَى ثَنِيَّةٍ، فَقَالَ: “أَيُّ ثَنِيَّةٍ هَذِهِ؟” قَالُوا: “هَرْشَى – أَوْ لِفْتٌ”. فَقَالَ: “كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى يُونُسَ عَلَى نَاقَةٍ حَمْرَاءَ، عَلَيْهِ جُبَّةُ صُوفٍ، خِطَامُ نَاقَتِهِ لِيفٌ خُلْبَةٌ، مَارًّا بِهَذَا الْوَادِي مُلَبِّيًا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Мекке мен Мәдинаның арасында келе жаттық. Бір аңғардан өтіп бара жатқанымызда, ол (с.а.с.): “Бұл қай аңғар?” – деп сұрады. Адамдар: “Әл-Азрақ аңғары”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Мұсаны (оған сәлем болсын) көріп тұрғандаймын”, – деді де, оның өңі мен шашына қатысты Дәуіт жаттап қалмаған бір сипатты айтты. Содан кейін: “Ол екі саусағын екі құлағына салып, осы аңғардан өтіп бара жатып, Аллаға жалбарынып, дауыстап тәлбия айтып келеді”, – деді. Содан соң жолымызды жалғастырып, бір асуға жеттік. Ол (с.а.с.): “Бұл қай асу?” – деп сұрады. Адамдар: “Һарша немесе Лифт асуы”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Жүністі (оған сәлем болсын) қызыл түйенің үстінде көріп тұрғандаймын. Үстінде жүн шапан бар, түйесінің бұйдасы талшықтан есілген. Ол осы аңғардан тәлбия айтып өтіп барады”, – деді». (166/269)