Хадис

Сахих Мүслим, № 16

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
1. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
6. Аллаға иман келтіру – ең абзал амалبَابٌ: الْإِيمَانُ بِاللَّهِ أَفْضَلُ الْأَعْمَالِ
Нөмірі
№ 16 (Мухтасар реті)
16
Мүслим, № 16Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْأَعْمَالِ أَفْضَلُ؟” قَالَ: “الْإِيمَانُ بِاللَّهِ وَالْجِهَادُ فِي سَبِيلِهِ”. قَالَ: قُلْتُ: “أَيُّ الرِّقَابِ أَفْضَلُ؟” قَالَ: “أَنْفَسُهَا عِنْدَ أَهْلِهَا وَأَكْثَرُهَا ثَمَنًا”. قَالَ: قُلْتُ: “فَإِنْ لَمْ أَفْعَلْ؟” قَالَ: “تُعِينُ صَانِعًا أَوْ تَصْنَعُ لِأَخْرَقَ”. قَالَ: قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ ضَعُفْتُ عَنْ بَعْضِ الْعَمَلِ؟” قَالَ: “تَكُفُّ شَرَّكَ عَنِ النَّاسِ؛ فَإِنَّهَا صَدَقَةٌ مِنْكَ عَلَى نَفْسِكَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Расулалла! Амалдардың қайсысы абзал?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Аллаға иман келтіру және Оның жолында жиһад ету”, – деді. Мен: “Азат етілетін құлдардың қайсысы абзал?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Иесіне ең қадірлі әрі бағасы ең қымбаты”, – деді. Мен: “Олай істей алмасам ше?” – дедім. Ол (с.а.с.): “Шеберге жәрдемдес немесе қолынан іс келмейтін адам үшін бір жұмыс істеп бер”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Егер кейбір амалдарды орындауға шамам жетпесе ше?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Адамдарға жамандық жасаудан тыйыл. Өйткені бұл – өзіңнің өзіңе берген садақаң”, – деді». (84/136)