Хадис

Кутуб ситтә, № 5970

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
956. Әртүрлі мәселелер
Нөмірі
№ 5970 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 36
5970
Кутуб ситтә, № 5970 · тараудағы реті: 36Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб

وَعَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُقَدَّ السَّيْرُ بَيْنَ إِصْبَعَيْنِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сәмура ибн Жундуб (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) теріні екі саусақтың арасында ұстап тілуге тыйым салды».1

Түсіндірме

Теріні ұзынынан тілгенде оны екі саусақтың арасында ұстаса, пышақ тайып, саусақты кесіп кетуі мүмкін. Тыйымның себебі осы болуы ықтимал. Қынынан шыққан қылышты қолдан-қолға беруге тыйым салынғаны сияқты, бұл да қатер тудырады.

Осы хадиске сүйеніп, матаны пышақпен не қайшымен кескенде де оны екі саусақтың арасында ұстап тілмеген дұрыс деуге болады. Мұнда да сол қатер бар. Сондықтан қауіп төндіруі мүмкін істерде сақтық шарасын ұстануды діни міндет деп қабылдауға негіз бар.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 74.