Хадис

Кутуб ситтә, № 5946

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
956. Әртүрлі мәселелер
Нөмірі
№ 5946 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 12
5946
Кутуб ситтә, № 5946 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَاءَتْ فَأْرَةٌ تَجُرُّ فَتِيلَةً فَأَلْقَتْهَا بَيْنَ يَدَيْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْخُمْرَةِ الَّتِي كَانَ قَاعِدًا عَلَيْهَا، فَأَحْرَقَتْ مِنْهَا مِثْلَ مَوْضِعِ دِرْهَمٍ. فَقَالَ ﷺ: إِذَا نِمْتُمْ فَأَطْفِئُوا سُرُجَكُمْ فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَدُلُّ مِثْلَ هَذِهِ عَلَى هَذَا فَتَحْرِقَكُمْ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Бір тышқан шамның білтесін сүйреп әкеліп, Алла елшісінің (с.а.с.) алдына, өзі отырған төсеніштің үстіне тастады. Төсеніштің дирһамдай жері күйіп кетті. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Ұйықтарда шамдарыңды сөндіріңдер. Шайтан осындай жәндікке осындай нәрсені көрсетіп, сендерді өртке ұшыратады”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 173 (5247).