وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَيْسَ مِنَّا مَنْ خَبَّبَ امْرَأَةً عَلَى زَوْجِهَا أَوْ عَبْدًا عَلَى سَيِّدِهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Әйелді күйеуіне, құлды қожайынына қарсы айдап салған адам бізден емес”, – деді».1
Түсіндірме
Бұл хадисте Алла елшісі (с.а.с.) әйелді өзі алу немесе басқа біреуге қосу мақсатымен оны күйеуінен ажырасуға итермелеуге, түрлі айламен алдап көндіруге тыйым салады. Сондай-ақ біреудің құлы мен күңін зинаға немесе лиуатқа итермелеуге, қашуына жағдай жасауға, иесін оны сатуға мәжбүрлеу үшін айла қолдануға тыйым салады. Ерлі-зайыптылардың, қожайын мен құлдың арасына іріткі салудың қай түрі де дінде тыйылған, рухани жауапкершілігі ауыр.
- 1Әбу Дәуіт, Талақ 1 (2175), Әдәб 135 (5170).