Хадис

Кутуб ситтә, № 5892

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
954. Нәпсіге қатысты кеселдер туралы хадистер
Нөмірі
№ 5892 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 21
5892
Кутуб ситтә, № 5892 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас

وَعَنْ اِبْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: كُلُوا وَتَصَدَّقُوا وَالْبَسُوا فِي غَيْرِ إِسْرَافٍ وَلَا مَخِيلَةٍ. أَخْرَجَهُ النَّسَائِي، وَأَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ فِي تَرْجَمَةِ بَابٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жеңдер, садақа беріңдер, киініңдер. Осы істерде ысырап пен тәкаппарлыққа жол бермеңдер”, – деді».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) ішіп-жеу секілді істердің ысырап пен тәкаппарлыққа ұрынбаған жағдайда адал екенін білдіреді. Құранда да: ﴿وَكُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْمُسْرِفِينَ﴾ «Ішіп-жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар, өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды»2, – делінген. Өйткені ﴿إِنَّ ٱلْمُبَذِّرِينَ كَانُوٓا۟ إِخْوَٰنَ ٱلشَّيَٰطِينِ﴾ «Шүбәсіз, ысырапқорлар – шайтандардың бауыры»3. Ысырап сөзде де, істе де шектен шығуды білдіреді. Ол мал-мүлікті жұмсағанда айқынырақ көрінетіндіктен, аят пен хадисте әуелі осы тұсы сөз болған.

  1. 1Нәсәи, «Зекет», 66 (№ 2559). Бұхари бұл хадисті «Либас» кітабының 1-тарауының атауында келтірген.
  2. 2Aғраф, 31.
  3. 3Исра, 27.