وَفِي رِوَايَةٍ: لَا يَجُوزُ لِامْرَأَةٍ أَمْرٌ فِي مَالِهَا إِذَا مَلَكَ زَوْجُهَا عِصْمَتَهَا. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Өзге бір риуаятта: «Күйеуінің некесінде тұрған әйелдің өз мал-мүлкіне билік жүргізуіне рұқсат жоқ», – делінген.1
Түсіндірме
Әйел күйеуінің мал-мүлкінен сый не тарту беру үшін оның рұқсатын алуға тиіс. Фақиһтар рұқсатсыз беруге салынған тыйымды харамға жатқызған.
Екінші риуаяттағы فِي مَالِهَا тіркесінің жалғауы әйелге қатысты. Сондықтан оның сыртқы мағынасы: «Күйеуінің некесінде тұрған әйел өз мал-мүлкінен де сый бере алмайды». Осы түсінікке сай, әйел күйеуінің дүниесіне де, өзінің дүниесіне де оның рұқсатынсыз билік жүргізбейді.
Кейбір фақиһтар осы сыртқы мағынаға сүйеніп, тұрмыстағы әйел өз дүниесін жұмсау үшін де күйеуінің рұқсатын алуы керек деген. Олар мұны әйелдің ақылы кем деген өз пайымымен негіздеген. Тауыс пен Имам Мәлик әйел өз дүниесінің үштен бір бөлігін қалағанынша жұмсауға құқылы, бұдан артығын жұмсағанда күйеуімен ақылдасуы керек деген. Көпшілік ғалымдар хадисті басқа риуаяттарға сүйеніп түсіндірген. Олардың ойынша, «әйелдің қолындағы күйеуінің дүниесі» меңзелген. Дүние әйелдің қарауында болғандықтан, «оның мал-мүлкі» деп аталған. Сондықтан әйел өз мүлкін қалағанынша жұмсай алады, тек ысырапшыл немесе әлі ақыл-есі толыспаған жан бұған құқылы болмайды. Кейбір сахих риуаяттарда Алла елшісі (с.а.с.) әйелдерге: «Уа, әйелдер қауымы! Алла жолында садақа беріңдер!» – деп үндеу тастаған. Сонда әйелдер күйеулерінен рұқсат сұрамастан, жүзік, сырға, білезік секілді бағалы бұйымдарын Біләлдің етегіне салған. Ибн Хажар көпшілік ғалымдардың пікірін қуаттайтын Құран мен сүннетте көптеген дәлел бар екенін айтқан.
- 1Әбу Дәуіт, Буйуғ 86, (3546, 3547).