Хадис

Кутуб ситтә, № 5791

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
932. ҺИБА БӨЛІМІ
Нөмірі
№ 5791 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5791
Кутуб ситтә, № 5791 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

وَعَنْ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ أَبَاهُ أَتَى بِهِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! إِنِّي نَحَلْتُ ابْنِي هَذَا غُلَامًا. فَقَالَ ﷺ: أَكُلَّ وَلَدِكَ نَحْلَتَهُ مِثْلَ هَذَا؟ قَالَ: لَا. قَالَ: فَارْجِعْهُ. أَخْرَجَهُ السِّتَةُ.

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) айтады: «Әкем мені Алла елшісіне (с.а.с.) ертіп апарып: “Уа, Алла елшісі! Осы ұлыма бір құл сыйладым.”, – деді. Пайғамбарымыз: “Әр балаңа осындай сый бердің бе?” – деп сұрады. Әкем: “Жоқ”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Онда сыйыңды қайтарып ал”, – деді».1

Түсіндірме

1. Бұл хадис әртүрлі жолмен, түрлі қосымшалармен жеткен. Кейбір нұсқада Бәширдің (р.а.) ұлы Нұғманға берген сыйына куә болуын өтініп, Алла елшісіне (с.а.с.) келгені айтылады. Алла елшісі оның сөзін тыңдап, өзге балаларына сондай сый бермегенін білген соң: «Жоқ, мен куә болмаймын. Балаларыңның өзіңе бірдей құрмет көрсеткенін қаламайсың ба?» – деп сұраған. Бәшир: «Әрине, қалаймын!» – дегенде, ол: «Олай болса, мұндай сый жарамайды», – деген.

Тағы бір риуаят бойынша, Бәширді Алла елшісіне (с.а.с.) осы сыйға куә ету үшін әйелі жіберген. Сол риуаятта Алла елшісінің Бәширге: «Өзге балаларыңа да осылай сый бермеген болсаң, мені куә етпе. Мен әділетсіздікке куә болмаймын», – дегені айтылады.

2. Әке өзге балаларына бермеген сыйды бір баласына бере ала ма деген мәселе ғалымдар арасында талас тудырған. Хадистің сыртқы мағынасы мұндай сыйдың харам екенін білдіреді. Тауыс, Ата, Мүжәһид, Ұруа, Ибн Журайж, Ибраһим Нахағи, Ахмад, Исхақ және заһири ғалымдары мұндай сыйды жарамсыз санап, берілген сыйды қайтарып алу қажет деген.

Әбу Ханифа мен Шафиғи, сондай-ақ бір риуаят бойынша Ахмад, Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед мұндай сыйға рұқсат берген. Олардың пікірінше, хадистегі «қайтарып ал» деген бұйрық міндетті үкім емес, ізгілік пен әділдікке шақыру. Олар көзқарасын Алла елшісінен (с.а.с.) жеткен басқа риуаяттарға сүйеніп негіздеген.

  1. 1Бұхари, Һиба 2, 11, Шаһадат 9. Мүслим, Хибат 9 (1623). Муатта, Ақдия 39 (2, 751). Әбу Дәуіт, Буйуғ 85 (3542–3545). Тирмизи, Ахкам 30 (1367). Нәсәи, Нахл 1 (3679).