Хадис

Кутуб ситтә, № 5789

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
932. ҺИБА БӨЛІМІ
Нөмірі
№ 5789 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5789
Кутуб ситтә, № 5789 · тараудағы реті: 2

وَفِي رِوَايَةٍ: الَّذِي يَرْجِعُ فِي عَطِيَّتِهِ أَوْ هِبَتِهِ كَالْكَلْبِ يَعُودُ فِي قَيْئِهِ. أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта: «Сыйын немесе тартуын қайтарып алған адам құсығына қайта оралған ит сияқты», – делінген.1

Түсіндірме

Бұл риуаят берілген көмек, садақа секілді түрлі жәрдем түрлерінен бас тартудың харам екенін анық білдіруде. Тек әке ғана баласына берген жәрдемінен (сыйынан) бас тарта алады. Туыстардан бауырлар, көкелер т. б. берген жәрдемдерінен бас тарта алмайды, оған тыйым салынған. Имам Шафиғи, Малик пен Әузағи осы көзқараста. Әбу Ханифа мен өзге бірқатар ғұлама «һибадан қайтуға рұқсат, бірақ ұнамсыз» деп есептеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ 83 (3539); Тирмизи, Буйуғ 52 (1299); Нәсәи, Һиба 2, (6, 265); Ибн Мәжа, Һиба 2 (2377).