Хадис

Кутуб ситтә, № 5707

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
913. Некенің бұзылуына негіз болатын және болмайтын жағдайлар
Нөмірі
№ 5707 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
5707
Кутуб ситтә, № 5707 · тараудағы реті: 11

وَعَنْ مَالِكٍ: أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ عُمَرَ أَوْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَضَى فِي أَمَةٍ غَرَّتْ رَجُلًا بِنَفْسِهَا أَنَّهَا حُرَّةٌ فَتَزَوَّجَهَا فَوَلَدَتْ لَهُ أَوْلَادًا، أَنْ يَفْدِيَ أَوْلَادَهُ بِمِثْلِهِمْ مِنَ الْعَبِيدِ. قَالَ مَالِكٌ رَحِمَهُ اللَّهُ: وَتِلْكَ الْقِيمَةُ أَعْدَلُ عِنْدِي. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен хабар бойынша, әзірет Омар немесе әзірет Осман (р.а.) бір ер адамды «азатпын» деп алдап, одан бала тапқан күңге қатысты былай үкім берген: «Ол кісі балаларын өздеріне тең құлдар беріп босатып алады». Имам Мәлик: «Меніңше, балалардың құнын өтеу әділірек», – деген. Бұл риуаятты Рәзин келтірген.1

Түсіндірме

Ибн Абдулбәррдың айтуынша, мұндай үкімді әзірет Омар да, әзірет Осман да (р.а.) берген. Ол үкім бойынша, алданып қалған азат ер адам балаларын әйелдің қожайынынан сатып алады, өйткені күңнен туған бала да қожайынына тиесілі деп есептелген. Ибн Абдулбәрр ғалымдардың көпшілігі алданып қалған адамның баласы азат болады деген пікірді ұстанғанын да айтады.

  1. 1Муатта, Ақдия 23, (2, 741).