وَعَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: أَنَّهُ سُئِلَ عَنْ رَجُلٍ لَهُ امْرَأَتَانِ أَرْضَعَتْ إِحْدَاهُمَا جَارِيَةً، وَالْأُخْرَى غُلَامًا، أَيَحِلُّ لِلْغُلَامِ أَنْ يَنْكِحَ الْجَارِيَةَ؟ قَالَ: لَا، لِأَنَّ اللِّقَاحَ وَاحِدٌ. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Ибн Аббастан (р.а.): «Бір кісінің екі әйелі бар. Бірі бір қыз баланы, екіншісі бір ұл баланы емізген. Сол ұл қызға үйлене ала ма?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, өйткені ер кісінің ұрығы бір», – деді.1
Түсіндірме
Сүт туыстығында ананың сүтімен бірге сүттің келуіне себеп болған ер адам да ескеріледі. Риуаяттағы «лиқах» сөзі ер адамның ұрығын білдіреді. Бір ерден жүкті болған екі әйелдің бірі қызды, бірі ұлды емізсе, ол балалар сүт әкесі ортақ болғандықтан сүт бауыры саналады. Ғалымдар «лиқах» сөзі «илқах», яғни ұрықтандыру мағынасында қолданылған болуы да мүмкін екенін айтқан.
- 1Мәлік, «Муатта», «Радағ», 5 (2/602–603). Тирмизи, «Радағ», 2 (1149). Тирмизиде екі күң туралы нұсқа берілген.