Хадис

Кутуб ситтә, № 5676

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
911. Радағ (сүт ему)
Нөмірі
№ 5676 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
5676
Кутуб ситтә, № 5676 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: مَا كَانَ فِي الْحَوْلَيْنِ وَإِنْ كَانَ مَصَّةً وَاحِدَةً فَهُوَ يُحَرِّمُ. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алғашқы екі жылда бір рет емудің өзі некеге тыйым туғызады», – деген.1

Түсіндірме

Бұл риуаят № 5673-те келтірілген Айшаның (р.а.) риуаятына қайшы көрінгенмен, көпшілік ғалым амал етуге осы риуаятты негіз еткен. Әли, Ибн Мәсғуд, Ибн Омар, Мәлік, Әбу Ханифа, Әузағи, әс-Сәури және кең тараған пікірінде Ахмад та осы риуаятқа сүйенген. Олардың Құраннан келтірген дәлелдері жоғарыда айтылды.

Бұл риуаят он рет, одан кейін бес рет ему туралы үкімдер тоқтатылған соң айтылған болуы мүмкін деген жорамал бар. Осыған қарағанда, дініміз бұл үкімді де бірте-бірте орнықтырған.

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Радағ», 4 (2/602).