Хадис

Кутуб ситтә, № 5657

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
908. Әһл-сүннет пен шиғаның уақытша некеге көзқарасы: Құран, сүннет және ғалымдар пікірі. Оқырман назарына
Нөмірі
№ 5657 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
5657
Кутуб ситтә, № 5657 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تُنْكَحُ الْأَيِّمُ حَتَّىٰ تُسْتَأْمَرَ، وَلَا الْبِكْرُ حَتَّىٰ تُسْتَأْذَنَ. قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ كَيْفَ إِذْنُهَا؟ قَالَ: أَنْ تَسْكُتَ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бұрын некеде болған әйелдің келісімін алмай, ал тұрмыс құрмаған қыздың рұқсатын сұрамай неке қиюға болмайды”, – деді. Сахабалар: “Уа, Алла елшісі, қыз рұқсатын қалай білдіреді?” – деп сұрады. Ол: “Үндемей қалуы – рұқсаты”, – деді».1

Бұл хадистің мағынасы алдыңғы риуаяттың түсіндірмесінде айтылды.

  1. 1Бұхари, «Неке», 41, «Хиял», 3. Мүслим, «Неке», 64 (1419). Тирмизи, «Неке», 17, 18 (1107, 1109). Әбу Дәуіт, «Неке», 24 (2092, 2093). Нәсәи, «Неке», 33 (6/85).