وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَدِّثُ حَدِيثًا لَوْ عَدَّهُ الْعَادُّ أَحْصَاهُ. كَانَ لَا يَسْرُدُ الْحَدِيثَ كَسَرْدِكُمْ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сөйлегенде, санағысы келген адам сөздерін санап ала алатындай анық айтатын. Сендер секілді сөзін үсті-үстіне төкпейтін».1
- 1Бұхари, «Мәнәқиб», 23 • Мүслим, «Фадаилус-сахаба», 19 (2493), «Зуһд», 71 • Тирмизи, «Мәнәқиб», 20 (3643) • Әбу Дәуіт, «Ілім», 7 (3654–3655).