Хадис

Кутуб ситтә, № 5418

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
872. Өлім және өлімге қатысты мәселелер
Нөмірі
№ 5418 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5418
Кутуб ситтә, № 5418 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَلَمْ تَرَوْا إِلَى الْإِنْسَانِ إِذَا مَاتَ شَخَصَ بَصَرُهُ؟ قَالُوا: بَلَى. قَالَ: فَذَلِكَ حِينَ يَتْبَعُ بَصَرُهُ نَفْسَهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Адам жан тапсырғанда, жанарының қадалып қалатынын көрдіңдер ме?” – деп сұрады. “Иә, көрдік”, – деді жұрт. Сонда ол: “Сол сәтте жанары денесінен шыққан жанның соңынан ілеседі”, – деді».1

Түсіндірме

1. Хадисте рух пен нәпсінің бір ұғым екені айтылады. Өйткені адам өлгенде денеден шығатын жанды хадис «нәпсі» деп атайды.

2. Ғалымдардың түсіндіруінше, өліммен тәннің тіршілігі тоқтайды, рух өмір сүре береді. Хадистерде тәндегі «ажбуз-зәнәб» деп аталатын құйымшақ сүйегі шірімейтіні, қайта тірілгенде дене сол сүйектен өсіп, қалпына келетіні айтылған.

3. Ғалымдар өлімнің болмысқа жататын құбылыс па, әлде жоқтық күйі ме деген мәселені талқылаған. Өлімді болмысқа жатқызғандар «Мүлік» сүресіндегі خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ «…өлім мен өмірді жаратты» деген аятты2 негізге алған. Өлімді жоқтық күйі деп санағандар аяттағы «жарату» сөзін «тағдырын белгілеу» деп түсіндірген.

  1. 1Мүслим, «Жанаиз», 9 (921).
  2. 2«Мүлік» сүресі, 2-аят.