وَعَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا تَسُبُّوا الدِّيكَ فَإِنَّهُ يُوقِظُ لِلصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Зәйд ибн Халидтің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Әтешті сөкпеңдер. Ол намазға оятады», – деген1.
Түсіндірме
Әтеш намазға оятатындықтан, хадисте оны сөкпеу айтылған. Ол өз мезгілінде шақырып, намаз уақытының кіргенін білдіреді. Алла Елшісі (с.а.с.) басқа бір хадисте: «Әтештің шақырғанын естісеңдер, Алладан кеңшілігін сұраңдар. Өйткені әтеш періште көргенде шақырады», – деген.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 115-тарау, № 5101.