Хадис

Кутуб ситтә, № 5354

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
863. ЛАҒЫНЕТ АЙТУ ЖӘНЕ СӨГУ
Нөмірі
№ 5354 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
5354
Кутуб ситтә, № 5354 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

وَعَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا تَسُبُّوا الْأَمْوَاتَ فَتُؤْذُوا الْأَحْيَاءَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғбаның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Марқұмдарды сөгіп, тірілерді ренжітпеңдер», – деген1.

Түсіндірме

Кей түсіндірушілер «марқұмдар» сөзінің басындағы «әлиф-ләм» белгілі бір топты, яғни қайтыс болған мұсылмандарды меңзейді деп пайымдаған. Олар Тирмизиде келген «Марқұмдарыңның жақсы істерін айтыңдар, жаман істерін сөз етпеңдер» деген хадиске сүйенеді. Өзге діндегі марқұмды сөгу де тірі адамды ренжітсе, оған жол берілмейді. Ахмад ибн Ханбал мен Нәсәи жеткізген риуаятта ансарлық бір кісі Аббастың жаһилиядағы бір ісін айтып, оны мазақ етеді. Ибн Аббас (р.а.) әлгі кісіні ұрады. Оның руластары қылыштарын суырып, Ибн Аббасқа қарсы шығады. Мұны естіген Алла Елшісі (с.а.с.) мінберге көтеріліп: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі Аллаға ең жақын кісі кім?» – деп сұрайды. Жұрт: «Сіз», – дейді. Сонда ол: «Аббас – менен, мен – одан. Марқұмдарды сөгіп, тірілерді ренжітпеңдер», – дейді. Әлгі кісілер Алла Елшісінен (с.а.с.) кешірім сұрайды. Тағы бір риуаятта оның Бәдір шайқасында қаза тапқан мүшріктерді сөгуге тыйым салып: «Олар айтқан сөздеріңді естімейді. Тірілерді ғана бекер ренжітесіңдер», – дегені айтылады.

Дүниеден өткен адамды тілдеуден сақ болған жөн. Айтқан сөзіңіз оның өзіне жетпегенмен, тірі жақындарын ренжітуі мүмкін.

  1. 1Тирмизи, «Бирр», 51-тарау, № 1982 (Жанан басылымында № 1983).