وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ هَذِهِ الرِّيحَ مِنْ رَوْحِ اللَّهِ، تَأْتِي بِالرَّحْمَةِ وَتَأْتِي بِالْعَذَابِ. فَإِذَا رَأَيْتُمُوهَا فَلَا تَسُبُّوهَا، وَاسْأَلُوا اللَّهَ خَيْرَهَا، وَاسْتَعِيذُوا بِاللَّهِ مِنْ شَرِّهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жел – Алланың рақымынан. Ол рақым да, азап та әкеледі. Жел соққанда, оны сөкпеңдер. Алладан оның қайырын сұрап, жамандығынан Аллаға сиыныңдар»1.
Түсіндірме
Алла Елшісі (с.а.с.) күн сайын соғып тұратын желге назар аудартады. Жел Алланың қалауымен соғады. Кейде ол рақым, кейде азап әкеледі. Ауаны тазартып, өсімдіктерді тозаңдандырады, жаңбырлы бұлттарды айдайды. Кейде шатырды ұшырып, егін мен ағашқа зиян келтіреді. Құранда кей қауымдардың жел арқылы жазаланғаны айтылады.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», № 5097.