وَعَنْ أَبِي بُرْدَةَ بْنِ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فَأَخْرَجَتْ إِلَيْنَا كِسَاءً مُلَبَّدًا وَإِزَارًا غَلِيظًا، فَقَالَتْ: “قُبِضَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي هَذَيْنِ”». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.
Әбу Бурда ибн Әбу Мұса әл-Ашғари айтады: «Айшаның (р.а.) қасына кірдім. Ол бізге жамаулы жамылғы мен қалың изарды шығарып көрсетіп: “Алла елшісі (с.а.с.) үстінде осы екі киімі барда дүние салды”, – деді»1.
Түсіндірме
Бұл хадис Алла Елшісінің (с.а.с.) жұпыны өмірді қалағанын көрсетеді. Мұндай тұрмыс жоқтықтан туған жоқ. Өзі де Алладан: «Уа, Алла, мені кедей күйде өмір сүргіз, кедей күйде құзырыңа ал», – деп тілеген. Дәулетті адам да Алла Елшісінің (с.а.с.) осы сүннетін ұстана алады.
- 1Бұхари, «Бестен бір үлес», 5-тарау, «Киім», 19-тарау. Мүслим, «Киім және сән», № 2080. Әбу Дәуіт, «Киім», № 4036. Тирмизи, «Киім», № 1733.