وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِذَا تَكَلَّمَ اللَّهُ تَعَالَى بِالْوَحْيِ سَمِعَ أَهْلُ السَّمَاءِ صَلْصَلَةً كَجَرِّ السِّلْسِلَةِ عَلَى الصَّفَا فَيَصْعَقُونَ فَلَا يَزَالُونَ كَذَلِكَ حَتَّى يَأْتِيَهُمْ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ؛ فَإِذَا جَاءَ فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ فَيَقُولُونَ يَا جِبْرِيلُ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟ فَيَقُولُ: الْحَقُّ فَيَقُولُونَ الْحَقَّ الْحَقَّ»، أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала уахи арқылы сөйлегенде, аспан тұрғындары тегіс тасқа сүйретілген шынжырдың дыбысындай үн естиді де, естерінен танады. Жәбірейіл (а.с.) келгенше сол күйде жатады. Ол келгенде, жүректеріндегі үрей сейіледі. Олар: “Уа, Жәбірейіл, Раббыларың не деді?” – деп сұрайды. Ол: “Ақиқатты айтты”, – дейді. Сонда олар да бір-біріне: “Ақиқатты айтты, ақиқатты айтты”, – деседі».1
Түсіндірме
Хадис – марфуғ, яғни ибн Мәсғуд бұл хадисті Алла елшісінен (с.а.с.) риуаят еткен. Алайда Бұхариде мауқуф, яғни ибн Мәсғудтың сөзі деп жазылған.
Хадистің кейбір нұсқаларында есін жиған періштелердің бір-біріне «Раббымыз не деді?» деп сұрағаны айтылады. Бұл риуаятта Жәбірейілден сұраған.
Рубубият әлеміне тән істерді хабарлайтын осындай хадистер мен аяттарды толығымен түсіне алмаймыз. Осы хадисте бүкіл жаратылыста болып жататын орасан зор илаһи салтанаттың бір мәселесіне назар аудартқан. Алдыңғы хадисті де ескере отырып, мынаны айтуға болады: илаһи істерге қатысты әмірлер шыққан сайын, періштелер хабардар болып, өз араларында сөйлеседі. Осылайша періштелер деңгейінде ғайып болудан шыққан жағдайды білу үшін көкке көтерілуге тырысқан жын-шайтандар «шиһаб»-тармен атқыланып кері қайтарылады. Сондай сәттерде ұрланған мәліметтер сиқыршылар мен балгерлерге жеткізіледі.
- 1Әбу Дәуіт, Сүннет 22, (4738).