وَعَنْ عَبْدِ الْوَاحِدِ بْنِ أَيْمَنَ عَنْ أَبِيهِ قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا وَعَلَيْهَا دِرْعُ قِطْرٍ ثَمَنُ خَمْسَةِ دَرَاهِمَ، فَقَالَتْ: “ارْفَعْ بَصَرَكَ إِلَى جَارِيَتِي، انْظُرْ إِلَيْهَا، فَإِنَّهَا تُزْهَى أَنْ تَلْبَسَهُ فِي الْبَيْتِ، وَقَدْ كَانَ لِي مِنْهُنَّ دِرْعٌ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَمَا كَانَتِ امْرَأَةٌ تُقَيَّنُ بِالْمَدِينَةِ إِلَّا أَرْسَلَتْ إِلَيَّ تَسْتَعِيرُهُ”». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. «الدُّرُوعُ الْقِطْرِيَّةُ» دُرُوعٌ حُمْرٌ لَهَا أَعْلَامٌ فِيهَا بَعْضُ الْخُشُونَةِ، وَقِيلَ هِيَ حُلَلٌ جِيَادٌ تُحْمَلُ مِنْ قِبَلِ الْبَحْرَيْنِ. وَ«تُزْهَى» أَيْ تَتَكَبَّرُ. وَ«تُقَيَّنُ» أَيْ تُزَيَّنُ لِلدُّخُولِ عَلَى زَوْجِهَا.
Абдулуахид ибн Айман әкесінен жеткізеді: «Айшаның (р.а.) алдына кірдім. Үстінде бағасы бес дирһам тұратын қалың матадан тігілген көйлек бар еді. Айша: “Қызметші қызыма бір қарашы. Ол мына көйлекті үйде киюді де өзіне ар санайды. Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде менде осындай көйлек болған. Мәдинада ұзатылғалы жатқан қыздардың бәрі оны уақытша киюге сұрайтын”, – деді»1.
Түсіндірме
«Қитри» – сол кездегі Бахрейн өңіріндегі Қатар жеріне қатысты атау. «دِرْعٌ قِطْرِيٌّ» тіркесі сол өңірден әкелінген матадан тігілген көйлекті білдіреді. Тіл мамандары бұл матаның қалың әрі біршама қатқыл болғанын айтқан. «Дирғ» сөзі әйелдің көйлегін білдіреді, көпше түрі – «дуруғ».
Айша (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін дәулеті артса да, қарапайым тұрмысты қалады. Жұмсақ, жұқа матадан тігілген әдемі киімдері бола тұра, қалың, қатқыл көйлекті де киген. Көйлектің қаншалық жұпыны болғанын қызметші қыздың оны үйде киюге де намыстанғанынан аңғаруға болады.
Хадис Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында ұзатылатын қыздардың тойға көйлекті уақытша сұрап киюі кездескенін және киімді ақысыз уақытша пайдалануға беруге болатынын көрсетеді.
- 1Бұхари, «Сыйлық», № 2628.