وَعَنْ سُوَيْدِ بْنِ قَيْسٍ قَالَ: «جَلَبْتُ أَنَا وَمَخْرَفَةُ الْعَبْدِيُّ بَزًّا مِنْ هَجَرَ، فَأَتَيْنَا بِهِ مَكَّةَ، فَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَسَاوَمَنَا سَرَاوِيلَ فَبِعْنَا مِنْهُ، فَوَزَنَ ثَمَنَهُ وَقَالَ لِلَّذِي يَزِنُ: “زِنْ وَأَرْجِحْ”». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.
Суәйд ибн Қайс айтады: «Махрафа әл-Абди екеуміз Хажардан мата әкеліп, Меккеге жеткіздік. Алла елшісі (с.а.с.) қасымызға келіп, саудаласып бір шалбар сатып алды. Ақысын таразыға тартқызып төледі. Таразы ұстаған адамға: “Өлше, сәл артығымен тарт”, – деді»1.
Түсіндірме
1. Түсіндірмеде Хажар Мәдинаға жақын жердің атауы ретінде көрсетілген.
2. Ғалымдар осы хадиске сүйеніп, өлшеу мен таразыға тарту қызметі үшін ақы алуға болады деген. Осы негізде мүлікті бөліп беруші мен есеп жүргізушінің де еңбегіне ақы алуына рұқсат етілген. Ахмад ибн Ханбал мен Сағид ибн әл-Мұсайябтан мұндай қызмет үшін ақы алуды мәкруһ санағаны риуаят етілген.
3. Ғалымдар төлемге берілетін ақшаны таразыға тарту немесе ұсақтату шығынын сатып алушы көтереді деген тұжырым жасаған. Қазір көбіне ірі ақшаны сатушы ұсақтайды. Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында ақы алтын мен күмісті таразыға тартып төленетін. Бүгінде соған ұқсас жағдай валюта айырбастағанда туындауы мүмкін. Ғалымдар сатып алынған тауардың өзін өлшеу, таразыға тарту немесе бөлу шығынын сатушы көтереді деген.
- 1Әбу Дәуіт, «Сауда», № 3336. Тирмизи, «Сауда», № 1305. Нәсәи, «Сауда», 54-тарау, 7-том, 284-бет.