Хадис

Кутуб ситтә, № 5247

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
842. Әйел киімі
Нөмірі
№ 5247 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5247
Кутуб ситтә, № 5247 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَمَّا نَزَلَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَابِيبِهِنَّ﴾، خَرَجَ نِسَاءُ الْأَنْصَارِ كَأَنَّ عَلَى رُؤُوسِهِنَّ الْغِرْبَانَ مِنَ الْأَكْسِيَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) былай дейді: «Алла Тағаланың “Сырт киімдерін үстілеріне түсірсін” деген аяты түскенде1, ансар әйелдері жамылғы жамылып шыққанда, бастарына қарға қонғандай көрінді»2.

Түсіндірме

Бастарына жамылған қара матадан ансар әйелдері қарға қонғандай көрінген.

  1. 1«Ахзаб» сүресі, 59-аят.
  2. 2Әбу Дәуіт, «Либас», 32-тарау, № 4101.