Хадис

Кутуб ситтә, № 737

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
83. «Сәжде» сүресі
Нөмірі
№ 737 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
737
Кутуб ситтә, № 737 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ نَزَلَتْ فِي انْتِظَارِ الصَّلَاةِ الَّتِى تُدْعَى الْعَتَمَةَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِىُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) «Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп, бір жағынан, (Алланың) қаһарынан қорқып, екінші жағынан, шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалынып-жалбарынып дұға етеді»1 деген аяттың құптан намазын күтіп отыратындар туралы түскенін айтқан.2

  1. 1«Сәжде» сүресі, 16-аят.
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Сәжде» (№3196, Ибраһим Жанан басылымында №3194). Әбу Дәуіт, «Намаз», 312 (№1321).