وَفِي أُخْرَى لِأَبِي دَاوُدَ: «قَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنِّي وَهَبْتُ لِخَالَتِي غُلَامًا، وَإِنِّي لَأَرْجُو أَنْ يُبَارَكَ لَهَا فِيهِ، وَقُلْتُ لَهَا: لَا تُسَلِّمِيهِ حَجَّامًا وَلَا صَائِغًا وَلَا قَصَّابًا». وَإِنَّمَا كَرِهَ الصَّائِغَ لِمَا يَدْخُلُ صَنْعَتَهُ مِنَ الْغِشِّ، وَلِإِخْلَافِهِ الْوَعْدَ وَمَطْلِهِ فِي فَرَاغِ مَا يُسْتَعْمَلُ عِنْدَهُ.
Әбу Дәуіт жеткізген өзге риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Нағашы апама бір жас құлды сыйға бердім. Алла оған осы сыйды берекелі етер деп үміттенемін. Апама: “Оны хижамашыға да, зергерге де, қасапшыға да шәкірттікке берме”, – дедім»1.
Түсіндірме
1. Табарани жеткізген риуаятта осы әйелдің есімі Фатиха бинт Амр әз-Зуһрия деп аталған.
2. Алла Елшісі (с.а.с.) нағашы апасына жас құл сыйлап, оған үш кәсіпті үйретпеуді тапсырған. Түсіндірушілер мұны хижамашы мен қасапшының нәжіспен жанасудан сақтануы қиын болатынымен түсіндірген. Ал зергерлік кәсіпте тауардың сапасын жасыру, тапсырысты кешіктіріп, уәдеден тайқу секілді қауіптерді атаған. Кейде зергер ерлерге тыйым салынған әшекей немесе алтын-күміс ыдыс та жасауы мүмкін екенін айтқан.
- 1Әбу Дәуіт, «Ижара», № 3430.